jitsu gif
Саясат

    Алматыдан Токиоға тікелей рейстер қашан ашылатыны белгілі болды

    Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Токиоға тікелей рейстер қашан ашылатынын айтты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Air Astana және Japan Airlines екі авиакомпанияға 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасақан.

    "Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді", - делінген комитет хабарламасында.

    Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды.

    Ведомство өкілдері маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланатынын мәлімдеді.

    Алматыдан Токиоға тікелей рейстер қашан ашылатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.