jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

    Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

    Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.