jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яшар Гюлер
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яшар Гюлер. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.

    Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.

    Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

    Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.

    Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.