jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Сауд Арабиясының королін құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

    Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

    Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері, премьер-министрінің жауапты қызметтеріне табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

    Тоқаев Сауд Арабиясының королін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.