Тоқаев Корея Республикасының президентін құттықтады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдап, президент Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталған.
"Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2169138-toqaev-koreia-respublikasynyng-prezidentin-quttyqtady/