jitsu gif
Саясат

    Тоқаевты Ашхабад әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу сәті. Фото: akorda.kz

    Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды, деп жазады Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

    Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен келді.

    Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

    Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумға қатысады.

    Тоқаевты Ашхабад әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.