Саясат

Зектілері

Мемлекет басшысы Вьетнам президентін құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лыонг Кыонгты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лыонг Кыонгты. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

"Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2178083-memleket-basshysy-vetnam-prezidentin-quttyqtady-quttyqtady/