jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Анкарадағы лаңкестік шабуылға байланысты Ердоған БРИКС саммитіне толық қатыспай, еліне қайтты

    Режеп Тайип Ердоған
    Режеп Тайип Ердоған. Фото: Chris McGrath / Getty Images

    Анкарадағы лаңкестік шабуылға байланысты Ердоған БРИКС саммитінен толық қатыспай, еліне ертерек оралуды ұйғарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттінгіне сілтеме жасап хабарлайды

    Агенттік мәліметінше, Путин БРИКС саммитінен кетіп бара жатқан Ердоғанмен қысқаша әңгімелесті.

    24 қазанда Түркия президенті форум аясында бірқатар кездесу жоспарлаған болатын, бірақ Анкарадағы терактіге байланысты ол елге ертерек оралуды ұйғарды.

    Айта кетейік, 23 қазанда Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ақпаратты Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая растады. Билік лаңкестікті Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері ұйымдастырған болуы мүмкін деп болжаған.

    Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

    Түркия әскерилері Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі 32 нысана жойылғанын хабарлады.

    Сонымен қатар билік өкілдері Анкара маңындағы Turkish Aerospace (TUSAŞ) түрік аэроғарыштық компаниясының штаб-пәтеріне жасалған шабуылда кем дегенде бес адам қаза тауып, 22 адам жараланғанын мәлімдеді.

    Анкарадағы лаңкестік шабуылға байланысты Ердоған БРИКС саммитіне толық қатыспай, еліне қайтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.