Фукуоктан Астанаға ұшатын тікелей рейстер ашылады
Жарияланған күні:

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда. Нәтижесінде Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстер ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram-дағы арнасында.
Комитет ақпаратынша, Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Еске салсақ, бұған дейін Air Astana Алматы–Фукуок–Алматы бағыты бойынша тікелей рейстердің ашылып, ұшу желісінің кеңейгенін хабарлаған болатын.
Сонымен қатар Қазақстаннан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2178840-fukuoktan-astanaga-ushatyn-tikelei-reister-ashylady/