jitsu gif
Саясат

    Моңғолияға барған Тоқаевты Үкімет үйінде қалай қарсы алды

    Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі
    Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі. Фото: Ақорда

    Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

    Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

    Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

    Моңғолияға барған Тоқаевты Үкімет үйінде қалай қарсы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.