jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айтты.

    "Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын.

    Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.

    Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.