jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

    Дөңгелек үстел
    Дөңгелек үстел: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Франция бизнес капитандарының алдында сөйлеген сөзінде экономикалық ынтымақтастықты қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің басты факторы ретінде атады.

    "Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Францияның аталған аймақпен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Биыл екіжақты сауда айналымы 45 пайызға ұлғайды. Біз бұл үдерістің сақталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Франциядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 пайызға артып, 900 миллион долларға жуықтады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200-ден астам француз кәсіпорны, соның ішінде Total, Alstom, Orano, Danone, Vicat, Airbus секілді танымал компаниялар жұмыс істейді", - деді Президент.

    Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканы трансформациялау жөнінде өршіл міндет қойғанын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) халықаралық стандарттары мен қағидаттарына сәйкес ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр.

    Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.