jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

    Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланды.

    АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды. Көпшілік дауысымен елдің бұрынғы президенті Дональд Трамп жеңіске жетті.

    Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін жазан едік.

    Кейін АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды.

    Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram