jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталды (фото)

    Тоқаевтың сапары аяқталды
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Ақорда ақпаратынша, Белград әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия премьер-министрі Милош Вучевич шығарып салды.

    Айта кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алған болатын.

    Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

    Кейін Сербия сарайының алдындағы алаңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

    Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды.

    Одан бөлек, Тоқаев Вучичті Қазақстанға шақырды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.