jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтар енді тағы бір елге визасыз бара алады

    Сент-Китс пен Невис
    Сент-Китс пен Невис. Көрнекі фото: triplook.me

    2024 жылғы 20 қарашада үкіметтің қаулысымен Сент-Китс және Невиспен қысқа мерзімді сапарларға визадан босату туралы бұрын жасалған келісім бекітілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаулыға сәйкес, азаматтар мен жарамды жол жүру құжаттарының иелері алғаш кірген сәттен бастап әрбір 365 күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше мәрте кіру, одан шығу, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.

    Ұзақ тұруды қалайтындар заң талап ететін тиісті визаны алуы керек.

    Қазақстан Республикасы бойынша жарамды жол жүру құжаттары:

    • дипломатиялық паспорт;
    • қызметтік паспорт;
    • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
    • қайтып оралуға (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін) арналған куәлік;
    • теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша).

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Марокко үкіметтері Ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойғаны туралы жазған едік.

    Қазақстандықтар енді тағы бір елге визасыз бара алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.