jitsu gif
Саясат

    ҰҚШҰ сессиясы, Тоқаевпен кездесу және үндеу: Кремль Путиннің Қазақстанға сапары жөнінде мәлімет таратты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары жөнінде мәлімет таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Агенттік мәліметінше, Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27-28 қарашада өтеді. Ол Астанада ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

    "Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізеді. Ресей мен Қазақстанның стратегиялық әріптестігі қарым-қатынасын, түрлі салалардағы одақтастығын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланады.

    Қазақстанның биыл ҰҚШҰ-ға төрағалығы мен Ресейдің ТМД мен БРИКС ұйымдарына жетекшілігі де ескеріледі. Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі, сонымен бірге үкіметаралық, мекемеаралық және коммерциялық бірқатар құжат қабылданады", - деп хабарлады Кремль.

    Бұған қоса, Тоқаев пен Путин Уфа қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей әріптестігі форумына видео-конференция байланысы арқылы қосылып, үндеу жасайды.

    Ресей президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, "ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымның биыл атқарған жұмысның қорытындысы шығарылып, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі бағыттары анықталады", сонымен бірге халықаралық және аймақтық өзекті тақырыптар талқыланады.

    Естеріңізге сала кетейік, Ақорда дүйсенбі күні Путиннің Қазақстанға сапары туралы қысқаша мәлімет таратқан.

    25 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының Астанадағы сессиясына Армения қатыспайтыны мәлім болды.

    Владимир Путиннің Қазақстанға кезекті мемлекеттік сапары Украина мен Ресей арасындағы қарулы жанжал шиеленіскен тұста өткелі отыр.

    ҰҚШҰ сессиясы, Тоқаевпен кездесу және үндеу: Кремль Путиннің Қазақстанға сапары жөнінде мәлімет таратты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.