jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір тәулікте салып шықтым": отандық суретші қыз Путиннің Қазақстанға сапарына арнап салған картинасын көрсетті (фото)

    Ақордада салынған картина
    Әсел Сабыржанқызы. Фото: Ақорда

    Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде екі ел басшысымен бірге салған картинасын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ресей басшысының Қазақстанға жұмыс сапары түрлі шараларға толы болды. Мәселен, қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путинмен бірлесіп, екі ел арасындағы достықтың бейнелейтін картина салды. Суретшінің айтуынша, жұмысты бір тәулікте аяқтап шыққан.

    "Кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей президентіне сапар соңында сыйға тартылады", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Көп ұзамай автор өзінің "Достық көпірі" картинасын әлеуметтік желіде дүйім жұрттың назарына ұсынды.

    Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин 27 қараша күні жұмыс сапары аясында Астанаға ат басын тіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді елорда әуежайынан қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізілді. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысты.

    Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путинмен алдымен шағын құрамда, көп ұзамай кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Ресей тарабы Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысуға дайын екенін айтты.

    "Бір тәулікте салып шықтым": отандық суретші қыз Путиннің Қазақстанға сапарына арнап салған картинасын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.