jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев БАӘ президентін құттықтады

    Ақорда ғимараты
    Ақорда ғимараты. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады.

    Президент жеделхатта БАӘ-нің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығанақтағы басты серіктестерінің бірі саналатын БАӘ-мен берік ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізген.

    Тоқаев БАӘ президентін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.