jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Финляндия президентіне жеделхат жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Стубб
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Стубб. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай ел президенті Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдаған.

    "Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесіп, Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылаған болатын.

    Тоқаев Финляндия президентіне жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.