jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл "Диалог, дипломатия және алуантүрлілік" (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.

    "Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 6 желтоқсанда Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді.

    Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.