jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстаннан тағы бір елге тұрақты рейс ашылуы мүмкін

    Төлқұжат және ұшақ
    Төлқұжат және ұшақ. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2025 жылы Қазақстан мен Иордания арасында тұрақты әуе қатынасын ашу туралы келіссөздер жүргізілмек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Азаматтық авиация комитеті өзінің Telegram-дағы арнасында Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының қорытындылары туралы ақпарат таратты. Кездесу Иордания астанасы Амманда өтті.

    "Тікелей әуе қатынасын орнатудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар Қазақстан тарапынан Иорданияға теміржолға қажетті материалдарды (рельстер, шпалдар, бекітпелер және т.б.) жеткізуге дайындық білдірілді.

    2025 жылдың бірінші жартыжылдығында екі ел арасында тұрақты рейстер ашуға мүмкіндік беретін келісімге қол қою жоспарланып отыр", - делінген комитет хабарламасында.

    Комиссияның келесі отырысы Астанада өтеді деп жоспарланған.

    Еске сала кетсек, осы жылдың қазан айында Қазақстанның көлік министрлігі елге тікелей рейстері бар мемлекеттердің тізімін жариялады. Онда барлығы 32 ел қамтылған, алайда Иордания бұл тізімге кірмеген.

    Қазақстаннан тағы бір елге тұрақты рейс ашылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.