jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Жээнбек Кулубаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Жээнбек Кулубаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

    "Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады", - делінген хабарламада.

    Жээнбек Кулубаев мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді

    Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.

    Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

    Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.