jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Нигерия президентін Қазақстанға шақырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Бола Ахмет Тинубум. Фото
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Бола Ахмет Тинубум. Фото: Aqorda

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті, деп хабарлайды Aqorda-ның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.

    Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.

    Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.

    Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.

    Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.