jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, Астанаға шақырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тілеген.

    Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын да атап өткен.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони. Фото: akorda.kz

    Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырған.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитіне қатысып, сөз сөйлегенін хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.