Тоқаев Венгрия премьер-министрін Қазақстанға шақырды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Aqorda.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді. Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.
"Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, ол бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесіп, оны елге қонақ болуға шақырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2212685-toqaev-vengriia-premer-ministrin-qazaqstanga-shaqyrdy/