jitsu gif
Саясат

    АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алмақ

    Жер телімі
    Жер телімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында АҚШ консулдығына Алматыдан жер телімін беруді көздейтін заң жобасын қарауына алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Парламент мәжілісінің қарауына "Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы келіп түскен.

    Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспанның айтуынша, қаралып отырған келісімге былтыр Нью-Йоркте 27 қыркүйекте қол қойылған.

    "Келісімнің мақсаты – Америка Құрама Штаттарының үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет (мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – ред. ескертпесі) осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді ол.

    Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылғы 26 желтоқсанда орнатылған. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі 1992 жылғы 30 қазанда ашылған.

    2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметін Ержан Ашықбаев атқарып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.