jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

    Александр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев
    Александр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев. 2019 жылғы 28 мамыр. Фото: akorda.kz

    Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтаған.

    Бұдан бөлек, тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылаған.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Александр Лукашенконың Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жеткенін хабарлаған едік

    Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Лукашенкоға сайлаушылардың 86,82 пайызы дауыс берген.

    Қалған төрт үміткер – О.Гайдукевич 2,02 пайыз, А.Хижняк 1,74 пайыз, А.Канопатская 1,86 пайыз және С. Сыранков 3,21 пайыз дауыс жинаған. 

    Тоқаев Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.