jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев: Қазіргі геосаяси жағдай көршілермен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі геосаяси жағдай көршілермен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет ететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Әлем Қазақстанға зор сенім артады, бізді "орта держава" ретінде таниды. Алайда бұл жоғары мәртебе тек сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де бекітілуге тиіс.

    Қазіргі геосаяси жағдай көршілермен (Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен) ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді. Бұл аймақтың және Қазақстанның бәсекеге қабілетін күшейтеді. Үкімет өнеркәсіп, көлік және логистика, ІТ сектор, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салалардағы өзара тиімді байланыстар бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек.

    Бұдан бөлек, Қытай, Ресей, АҚШ, ЕО, Таяу Шығыс, Азия елдерімен және басқа да мемлекеттермен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын айрықша назарда ұстаған дұрыс", - деді президент.

    Тоқаев: Қазіргі геосаяси жағдай көршілермен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.