Саясат

Зектілері

Тоқаев Қазақстандағы екі мұражайға жаңа мәртебе берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қазақстандағы екі мұражайға "Ұлттық" мәртебесі берілді - бұл туралы тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президент Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Ұлттық" мәртебе беру туралы" жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының үкiметi осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген "Ұлттық" мәртебе беру туралы жарлық мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2216687-toqaev-qazaqstandagy-eki-murazhaiga-zhanga-martebe-berdi/