jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Шри-Ланка президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анура Кумара Диссанаяке
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анура Кумара Диссанаяке. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Шри-Ланка президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

    Сондай-ақ Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

    "Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тілеген.

    Тоқаев Шри-Ланка президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.