jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

    Мұрат Нұртілеу және Марко Рубио
    Мұрат Нұртілеу және Марко Рубио. Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

    Бүгін, 12 наурызда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар саяси диалог пен экономикалық байланысты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

    Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда бірқатар маңызды халықаралық мәселе бойынша пікір алмасқан.

    Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.