jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

    "Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін", – деп жазды президент.

    Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 18-ге жетіп, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан азаматтары елшілікке жүгінбегенін айтты.

    Тоқаев Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.