Тоқаев Самарқанд қаласына барды (фото, видео)
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президент Самарқанд қаласына "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін барған.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған еді.
Ал өткен аптада Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын. Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды.
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады.
Кейін Қазақстан және Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2232917-toqaev-samarqand-qalasyna-bardy-foto-video/