jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Стамбұл маңында болған жер сілкінісі: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Стамбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты Түркия президентіне жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Стамбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдаған.

    "Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз", - делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

    Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында болған.

    Стамбұлда жерасты дүмпулері қайталанған.

    Стамбұл маңында болған жер сілкінісі: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.