jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Мерцті Германияның федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады

    Фридрих Мерц
    Фридрих Мерц. Фото: Sean Gallup/Getty Images

    Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.

    Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.

    Айта кетейік, Фридрих Мерц Бундестагтағы екінші дауыс беруде Германия канцлері болып сайланды - біріншісінде оған жеткілікті дауыс берілмеген.

    Тоқаев Мерцті Германияның федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.