jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады (видео)

    Путин Тоқаевқа әкесіне арналған наградалық парақты табыстауда
    Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесіне арналған наградалық парақты табыстауда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.

    Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

    Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған", - делінген хабарламада.

    Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.