jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Никушор Дан
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Никушор Дан. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған.

    "Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін.

    Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор", - делінген жеделхатта.

    Айта кетейік, 18 мамырда Румынияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде ел астанасы Бухаресттің қазіргі мэрі Никушор Дан жеңіске жетті. Ол президент қызметіне 26 мамырдан бастап кіреседі деп күтіліп отыр.

    Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.