jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Джорджа Мелониді әуежайдан күтіп алды: Италия премьер-министрі Қазақстан туралы не деді (фото, видео)

    Джорджа Мелони және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Джорджа Мелони және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Aqorda

    Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Aqorda.

    Мемлекет басшысы мен Италия премьер-министрі елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті

    "Сізді Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз", - деді ел президенті.

    Италия премьер-министрі де жылы лебізін білдіріп, Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырып отырғанын мәлім етті.

    "Сіздің еліңізге алғаш рет келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Өзіңіз айтқандай, екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы. Алайда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге әрдайым мүмкіндік бар. Біз Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде Орталық Азия өңірі стратегиялық мәнге ие болды. Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші "Италия – Орталық Азия" саммитін ұйымдастырғаныңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл басқосу аймақпен қарым-қатынасымыздағы тарихи сәт болады деп ойлаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде біз үшін барлық деңгейде ынтымақтастық орнату өте өзекті", - деді Джорджа Мелони.

    Тоқаев Джорджа Мелониді әуежайдан күтіп алды: Италия премьер-министрі Қазақстан туралы не деді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.