jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Дүрбелеңге салынбауды сұраймыз": Қазақстанның Қатардағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

    Қатар
    Қатар. Фото: Marvin Fernandez / Getty images

    Еліміздің Қатардағы елшілігі сол елдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды елшіліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Елшілік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз.

    "Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.

    Қатарда қалып қойған қазақстандық туристерге қатысты, мәлім болғандай, қазіргі уақытта Қатардың әуе кеңістігі толығымен жабық.

    Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды.

    Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ елшілік төтенше жағдай кезіндегі байланыс нөмірлерін жариялады:

    • +974 4411 0527;
    • +974 4412 8015;
    • +974 5064 9955.

    Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы әскери базаларына соққы жасаған еді.

    Осыдан кейін Қатар билігі мәлімдеме жасап, Иранның әрекетін қатаң айыптайтынын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.