jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақ үй АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына кімді ұсынғаны белгілі болды

    Джули Стаффт
    Джули Стаффт. Видеодан кадр: md.usembassy.gov

    Ақ үй АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына Джули Стаффтың кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ақ үйге сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

    Ақ үйдің сайтында АҚШ-тың бірқатар елдегі елшісіне лаузымына үміткерлердің тізімі жарияланды. Мәселен, Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Огайо штатынан Джули Стаффт ұсынылған.

    АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтындағы мәліметке сүйенсек, Джули Стаффттың дипломатиялық қызметтегі тәжірибесі мол. Бұрын ол АҚШ-тың Молдова мен Джибутидегі елшісінің орынбасары қызметін атқарған.

    Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаменттің жедел орталығында, Ресейде, Эфиопияда және Польшада қызмет еткен.

    Джули Стаффт Стаффт орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген.

    Айта кетейік, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

    Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ еліне жүрекжарды лебізін жеткізген еді.

    Ақ үй АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына кімді ұсынғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.