jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді": Түрікменстанға келген Тоқаев екі елдің байланысы туралы айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

    Бүгін мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен барды. Президент онда Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін барған. Президентті түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды Aqorda.

    Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті.

    "Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Халк Маслахатының төрағасы қазақ-түрікмен байланысының ерекше сипатына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы мен Халк Маслахатының төрағасы екі ел халқы достық пен тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.

    "Халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді": Түрікменстанға келген Тоқаев екі елдің байланысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.