jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты

    Дональд Трамп журналистердің сұрағына жауап беруде
    Дональд Трамп журналистердің сұрағына жауап беруде. Фото: instagram.com/yerdanashares

    АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    24KZ телеарнасының мәліметінше, Нью-Йорктегі US Open теннис турниріне бара жатқан Ақ үй басшысы сапар алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген.

    АҚШ президентіне сұрақ қойған журналистердің арасында арна тілшісі Ердана Ержанұлы да бар.

    Ол Трамптан Қазақстан жайлы пікірін сұраған.

    "Президент мырза, Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай? Орталық Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма?" - деп сұрады журналист.

    Трамп бұл сұраққа жауап беріп, Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты.

    "Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет!" - деді АҚШ президенті.

    Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.