Тоқаев АҚШ-та Зеленскиймен кездесті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорда ресми Telegram арнасында жария еткен мәліметке сәйкес, мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.
Қазақстан президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-мерейтойлық сессиясының жалпы дебатының ашылу шарасына қатысатыны хабарланды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі жұмыс сапары кезінде бірқатар әлемдік компанияның басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесті.
Мемлекет басшысы сонымен қатар Американың бизнес өкілдерімен өткен "дөңгелек үстел" отырысында сөз сөйлеп, Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2289221-toqaev-aqsh-ta-zelenskiimen-kezdesti/