jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сыртқы істер вице-министрі Таяу шығыстан елге кімдер бірінші кезекте жеткізілетінін айтты

    ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

    Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев үкімет үйіндегі брифингте қазіргі уақытта Таяу Шығыста жүрген қазақстандық азаматтардың қайсысы бірінші болып оралатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бүгін біз Оман Сұлтандығының астанасынан 467 адамды, ал ертең Джиддадан 343 адамды (адам – редактордың ескертпесі) әкелуді жоспарлап отырмыз – бұл бірінші толқын, ұшып шығатын алғашқы топ. Кеше біз топты іріктеу критерийлерін жарияладық, себебі сонша көп адамды бірден алып келу мүмкін емес.

    Сондықтан тізімге бірінші болып кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқандар және белгілі бір аурулары бар адамдар енгізіледі", - деді Әлібек Бақаев.

    Оның айтуынша, қазір адамдарды Қазақстанға алып кету үшін Джидда мен Маскат қалаларына жинап жатыр.

    Бұған дейін көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Таяу Шығыста жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жоспарын айтқан еді.

    Сыртқы істер вице-министрі Таяу шығыстан елге кімдер бірінші кезекте жеткізілетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.