jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды

    Мысыр
    Мысыр. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдегі бірқатар мемлекетте әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды:

    • Бахрейн;
    • Біріккен Араб Әмірліктері;
    • Израиль;
    • Йемен;
    • Иордания;
    • Ирак;
    • Иран;
    • Қатар;
    • Сауд Арабиясы Корольдігі;
    • Кувейт;
    • Ливан;
    • Оман;
    • Сирия.

    Министрлік өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымыран қаупі туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы да еске салады.

    Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.