jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуіне қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айбек Смадияровтың жазуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

    "Бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

    Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгені белгілі болды.

    АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон Тегераннан "келіссөздер үшін оңтайлы негіз болатын" 10 тармақтан тұратын ұсыныс алған.

    Келіссөздер жұма, 10 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта басталады.

    Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.