jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жапаров пен Бердімұхамедов Астанада жүр: тағы екі елдің президенттері Қазақстанға келді (фото)

    Средар Бердімұхамедов
    Средар Бердімұхамедов. Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

    Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан үкіметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Қазақстан астанасына келді.

    Садыр Жапаров
    Садыр Жапаров. Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

    Сондай-ақ Түрікменстан президенті Қазақстан астанасына келді. Сердар Бердімұхамедов те RES-2026 саммитіне қатыспақ.

    Еске салсақ, бұған дейін Тәжікстан президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астана қаласына келгенін жазған едік.

    Сонымен қатар Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты қарсы алғанын жазған болатынбыз.

    Кортеж
    Кортеж. Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

    Жапаров пен Бердімұхамедов Астанада жүр: тағы екі елдің президенттері Қазақстанға келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.