jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ердоған кортежін тоқтатып,Түркістан тұрғындарымен суретке түсті (видео)

    Кортеж
    Түркия президентінің кортежі мен тұрғындар. Кадр: Түркістан облысы әкімдігі

    Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған кортежін тоқтатып, қала көшесінде тұрған Түркістан тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

    Түркістан облысы әкімдігі Түркістан тұрғындарының Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бара жатқан Түркия президентімен кездескен сәтінен видеоны жариялады.

    "Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне келген Түркия президенті Режеп Ердоған кортежін тоқтатып, жол жиегінде қол бұлғап тұрған адамдармен амандасты. Түркістандықтармен суретке түсіп, шынайы ықыласын көрсетті", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алған болатын.

    Ақорданың хабарлауынша, еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

    Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Ердоған кортежін тоқтатып,Түркістан тұрғындарымен суретке түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.