jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

    Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Бірнеше елдің көшбасшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

    Шет мемлекеттер басшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді.

    Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

    Еске салсақ, бүгін 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды. Түрлі елдердің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр.

    Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.