Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Путинді қалай қарсы алды (фото)
Жарияланған күні:
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алған.
Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшқан.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.
Бұдан кейін құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ресей басшысының сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2381535-toqaev-memlekettik-saparmen-kelgen-putindi-qalai-qarsy-aldy-foto/